Аудандағы құрылыс нысандарын аралады

146 Views

Тәуелсіздіктің қайта оралғаны – біздің ата- бабаларымыздың сан ғасырлық азаттық күресінің заңды өтеуі. Жаратқан Иенің жасаған әділдігі. Ата- бабаларымыздың осыншама байтақ жерді ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап қалғанының арқасы.

Н.Ә.НАЗАРБАЕВ,

Қазақстан Республикасының Президенті.

Сәрсенбі күні облыс әкімінің орынбасары Еркебұлан Дауылбаев ауданымызға жұмыс сапарымен келіп, құрылыс саласындағы индикаторлық көрсеткіштердің орындалуы барысымен танысты. Аудан әкімі Асқар Қырықбаевтың бастауымен әуелі Құлан ауылының бас жоспарына сәйкес инфрақұрылымы жүргізілген «Арай» тұрғын үй алқабын көрген Еркебұлан Әбілханұлы келесі кезекте аудандық орталық аурухананың жұмысына қанықты. «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік  бағдарламасы бойынша қолға алынған «ДамуМед» медициналық-ақпараттық жүйесінің жұмысына жіті мән беріп, аудандық емханаға келушілермен бағдарламасы бойынша қолға алынған «ДамуМед» медициналық-ақпараттық жүйесінің жұмысына жіті мән беріп, аудандық емханаға келушілермен   тілдесті. «Емхана қызметкерлеріне ешқандай шағымымыз жоқ. Бәрі де білімді, білікті дәрігерлер. Дегенмен, бір өтінішіміз бар. Мұнда киім ілетін жер жоқ. Сырт киімімізді осылай қолға ұстап жүруге мәжбүрміз» дейді емханаға келген аудан тұрғыны Надежда Николаевна. Киім ілетін арнайы орынның болуы керектігін аурухана басшысы   Шындос Мырзалиевке нығыздап тапсырған облыс әкімінің орынбасары ауруханаға жас мамандарды тарту жұмыстарын жандандырып, оларға тұрғын үй алу және көтерме жәрдемақы беру мәселелерін де назардан тыс қалдырмау қажеттігін атап өтті.

Биыл аудан көлемінде салынып жатқан нысандар аз емес. Соның бірнешеуі жуырда өткен Тұңғыш Президент күні ашылып, ел игілігіне берілген болатын. Еркебұлан Әбілханұлы ат басын тіреген Қарақат ауылындағы фельдшерлік-акушерлік пункт те Тұңғыш Президент күні ашылып, қарақаттықтарды қуанышқа бөлеген еді. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 10 келушіге арналып салынған ғимараттың ауласына зер салған Еркебұлан Дауылбаев көктем шыға тал-дарақ егіп, абаттандыру қажеттігін жеткізді. Сметалық құны 1190886,9 мың теңге тұратын Луговой ауылын сумен жабдықтау жүйесінің құрылысын салуды міндетіне алған бас мердігер «Асыл тау» ЖШС-і жұмысын 2016 жылдың 26 желтоқсаныда бастаған екен. Ағымдағы жылдың соңында пайдалануға берілетін нысанды көрген облыс әкімінің орынбасары бірқатар кемшіліктерге тоқталып, ескерту берді. Өңір басшысының орынбасары Луговой ауылындағы бос тұрған кеден бекетінің ғимаратын көріп, Жалпақсаз ауылындағы 48 орындық бастауыш мектебінің құрылыс жұмыстарына бағасын бер ді. Осы жылдың сәуір айында құрылыс жұмыстарын бастаған мердігер «Құрылыс ТЭД» ЖШС-і бастауыш мектепті келер оқу жылына дейін аяқтауы тиіс екен.

Аталған құрылыс нысандары мен мекемелерді аралап келген соң Еркебұлан Әбілханұлы аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында актив жиналысын өткізді. Алдымен өңір басшысының орынбасары жетекшілік ететін басқарма басшылары сөз алып, өз салалары бойынша ауданда атқарылып жатқан жұмыстарды жіпке тізді. Әсіресе, жұмысы тұралап қалған аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің жұмысын сынға алды. Жиын соңында аудан әкімі Асқар Санатұлы кеткен кемшіліктерді түзеп, оған жол берген бөлім басшыларына тиісті шара қолданатынын жеткізді.

Мереке ЕРЖАНҰЛЫ.