Медицина мәселесі талқыланды

161 Views

Өткен аптада аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудан әкімі Ерболат Садырқұлов денсаулық сақтау қызметкерлерімен кездесті. Облыс әкімі бекіткен жұмыс алгоритмі аясында өткен кездесудің басты мақсаты денсаулық сақтау саласында еңбек етіп жүрген мамандардың әлеуметтік жағдайымен танысу болатын. Жиынды аудан әкімі ашып, жүргізіп отырды. Алғаш сөз алған аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Шындос Мырзалиев баяндама жасап, атқарылып ж а т қ а н ж ұ м ы с т а р д ы а т а п ө т т і . Аудандағы 35 медициналық мекемеде 795 қызметкер жұмыс істесе, соның 99-ы жоғары білікті дәрігерлер екен. «Осы қызметкерлердің жалпы санына қарамастан әлеуметтік мәселелеріне мән беріп, ұжымдық келісім шартта көрсетілген міндеттерді атқарып отырмыз» дейді Шындос Кершайызұлы.

Бас дәрігердің сөзіне сенсек, биыл 9 медициналық мекеме салынады. Нақты айтқанда алты медициналық бекет, бір фельдшерлік-акушерлік пункті, екі дәрігерлік амбулатория бой көтереді. Кадр мәселесі де соңғы жылдары шешіліп жатқан секілді. Баяндамашының айтуынша 2017 жылы 7, өткен жылы 16 жас маман жұмысқа орналасса, биыл 8 жас маман келеді деп

 күтілуде. Сондай-ақ, жас мамандарға мүмкіндігінше облыстық, аудандық бюджеттен көтермеақы төленіп келеді. Алайда, оларды ауданға тұрақтандыру үшін баспана беру мәселесі шешімін толық тапаған көрінеді. Сала басшысы аудан әкімінен осыған көңіл бөлуін сұрады. Сонымен қатар, денсаулық сақтау қызметкерлерінің аудандық кәсіподақ ұйымының төрайымы Шынар Сәрсенқұлова да сөз алып, денсаулық сақтау қызметкерлерінің тыныс-тіршілігін сөз етті. – Ауылға келген жас мамандарға берілетін әлеуметтік көмек қолжетімсіз деп ойлаймын,-деген Шынар Алтынбекқызы аудан әкімінен жас дәрігерлерді ауылда тұрақтандыру, кадр мәселесін шешу мақсатында оларды тұрғын үймен қамтамасыз ету, қызметтік пәтер беру, аудандық бюджет есебінен коммуналдық қызметтер ақысын төлеу мүмкіндіктерін қарастыруды өтінді.

 Аудан басшысы Ерболат Салқынбекұлы аталған мәселелерді зерделей келе оның шешілу жолдарын қарастыруды тиісті сала басшыларына тапсырды. Жиын барысында дәрігерлер тарапынан да бірқатар сұрақтар қойылып, нақтылы жауаптар берілді.

Мереке ЕРЖАНҰЛЫ.