ҚҰЛАНҒА КЕЛЕДІ

59 Views

Қыс көзі қырауда десек те аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің төл мерекесі күніне орай аудан орталығында жәрмеңке өткізуді қолға алды. Осынау дәстүрлі шараға бұл жолы «Тараз» әлеуметтік-кәсіптік корпорациясы да өз өнімдерін әкеліп жәрмеңке сөресіне қойды. Құландықтар базар бағасынан 10-15 пайыз төмен болатын ет, сүт өнімдерімен қатар, көктүйнек, қызыл қызылша, сәбіз, көкорам, пияз, сарымсақ алып, қарық болып қалды.
Бұл күні жәрмеңкеге «Ақтоған» шаруа қожалығы өзінің ұн өнімдерін шығарды. Кәсіпкер Сайыдхасан Ахаев өзі бастап келіп өнеркәсіптік жолмен өндірілген ұн өнімінің он төрт түрін сөреге қойды. Жәрмеңкеге келген жұрт «Шәушен», «Айдар» шаруа қожалығының ет, сүт өнімдерін алып, кәсіпкерлерге арзандатылған бағамен сатылған өнімдері үшін шын алғыстарын білдірді.

«Құлан-Ақпарат».