МАЛ БАҚҚАНҒА БІТЕДІ

70 Views

Абай ауылдық аймағына қарасты «Сүйін» шаруа қожалығындағы ағайынды Бәрменқұловтар өздерінің төл мерекелерін игі жетістіктермен қарсы алды. Қожалық негізінен мал бордақылаумен айналысатын болғандықтан колхоздың бұрынғы ескі гаражын жеке меншікке сатып алған. Ағайынды кәсіпкерлер ескі құрылымды жөндеп, оны мал борда­қылауға лайықтап, қайта салып алды. Қазір онда 200 бас қазақы қой бордақылануда. Сонымен қатар 20 бие сауынға қойылған. Ағайынды Әлихан, Мұқан және Уәлихан бүгінде өздерінің жеке-жеке мал бордақылайтын кешенін ашып алып ет және сүт бағытындағы ірі қара өсіруде.
Мәселен, Уәлихан Барменқұлов­тың бір өзі отыздан аса жылқы бордақылап отыр. Оған қоса жиырмадан аса сиыры тағы бар. 2011 жылы құрылған қожа­лық бүгінде ауылдағы іргелі шаруашы­лыққа айналып отыр. Ол өзінің шабын­дық жер көлемін көбейтіп, жыл сайын Тараз қаласына ет, сүт өнімдерін шығарып сатады. Кәсіпкерлер ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне орай өтетін аудан орталығындағы жәрмеңкеге өз өнімдерін шығарып сатады.

Абай ауылдық округі.