Бала қауіпсіздігі бақылауда болады

199 Views

Сәрсенбі күні аудан әкім­дігінің үлкен мәжіліс залында аудан әкі­мі Ерболат Садырқұловтың төраға­лығымен жиын өтті. Оған ау­дан әкі­мінің орынбасарлары, аудан­дық про­ку­ро­тура, полиция және білім бө­лімінің өкілдері қатысты. Соны­мен қатар, жиынға мектеп инспекторлары мен мектеп ди­ректорлары және әлеуметтік пе­дагогтар арнайы шақырыл­ды. Күн тәртібінде бір ғана мәсе­ле қаралды. Ол — балалардың қауіпсіздігі.
Бүгінде аудандық білім бө­ліміне қарасты мекемелерде 14590 оқушы білім алады. Ал, олардың қауіпсіздігіне ау­дан бойынша мектеп дирек­тор­ларынан бөлек 42 құқықтық және тәрбие ісі жөніндегі орын­басарлар, 46 психолог, 37 әлеуметтік педагог, 39 тә­лім­гер, 840 сынып жетекші тікелей жауапты. Сонымен қатар, мектеп қабырғасында 63 вахтер, 124 қарауыл қызмет етеді. Аудандағы 39 мектепте барлығы 263 дана бақылау камералары бар. Дегенмен, мұның өзі жеткіліксіз. Зерде­леу жұмыстарына сәйкес мек­тептерге әлі де 116 дана бейне бақылау камералары қажет екен. Аталмыш мәліметтердің барлығын аудандық білім бөлімінің басшысы Еркін Сейтжапаров өз баяндамасын­да мәлім етті. Еркін Серікханұлы баяндамасында одан бөлек оқушыларды тасымалдау, мектепке дейінгі жолдарды жа­рықтандыру, білім меке­мелерінің қоршауларын ауыс­тыру, оқушылар ара­сын­да­ғы құқық бұзушылық пен зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша атқарылған жұ­мыстарға тоқталды.
Жиында мектеп инспек­торларының да жұмыстары қаралды. Осы күнге дейін олар­дың атқарған қызметтері және оқушылар арасында құқық бұ­зу­шылықтарды болдырмау бағытында ұйымдастырылған шаралар сараланды. Ауданда осы бағытта қызмет ететін 9 мек­теп инспекторы бар екен. 14000-нан астам оқушыға 9 мек­теп инспекторы аздық ететінін айтқан аудан әкімі аудандық ішкі істер бөліміне мәселені шешу жолдарын қарастыру ке­ректігін айтты. Сондай-ақ, олардың жұмыс орындарын, қызмет бабына қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуді тапсырды. «Адамзат ба­ласы бала үшін өмір сүреді. Оның ішінде қазақ халқының балаға деген сүйіспеншілігі өте ерекше. Себебі, біз бүгінгі бүл­діршіндер еліміздің ертең­гі болашағы екенін жақсы түсі­неміз. Сондықтан да, басты байлығымыз деп бағалайтын балаларымыздың қауіпсіз­дігі үнемі назардан тыс қалмауы тиіс. Ол үшін осы бағытта бірле­сіп, сапалы әрі нақты жұмыс­тар­ды жүргізуіміз қажет» деп жиынды қорытындылады.

Жәнібек БАЗЫЛБЕКОВ.