Тұңғыш Президент күнімен мерекелік құттықтау!

115 Views

Құрметті әріптестер! Қымбатты жерлестер!
Сіздерді Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймыз!
Жаңа тәуелсіз мемлекеттің іргетасын қалаушы Нұрсұлтан Назарбаев – барлық қазақстандықтар және халықаралық қоғамдастық мойындаған ғаламдық бастамалардың бастаушысы, отандастарымыздың құқықтары мен бостандықтарының қорғаушысы, елді кемел келешекке жетелейтін игі істердің қолдаушысы. Айтулы күннің барша халқымыз үшін маңызы мен мазмұны ерекше екендігі сөзсіз. Бұл — ғасырлар тоғысында ата — бабалар аңсаған аңсарлы әлем Азаттықтың алауын жағып, Тәуелсіздіктің тұсауын кескен, қазақ жұртын әлемге бейбітсүйгіш ел, толерантты ұлт ретінде танытқан Елбасының таққа отырған, Алаш баласының басына бақ орнаған күн болып тарихта қалатыны шындық.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев сындарлы шақта бірлік пен елдікті, татулық пен достықты ту етіп, тәуелсіздікті баянды, егемендікті еңселі ете білді.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының толассыз еңбегі мен көреген де сарабдал саясатының арқасында ғасырда жасалар ғаламаттар тәуелсіздік жылдары жүзеге асты. Халық алдында, мемлекет алдында осындай толағай тірлік атқарған Президент күнін атап өту Сіз бен біздер үшін үлкен қуаныш, зор мәртебе.
Ардақты ағайын!
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстанның бірлігін, Конституцияның панасын, адамның құқығын және бейбітшілігін қамсыздандырған, жаңа тәуелсіз мемлекеттің негізін салушы болып табылады. Қысқа мерзім ішінде Қазақстан қанатын кең жайған саяси, экономикалық және әлеуметтік реформаларды жүзеге асырған, өзінің даму жолын тапқан жаңа заманғы бәсекеге қабілетті ел болып таңылды.
Тұрақтылық және қоғамдық келісім, сыртқы саяси жауапты бағамы – елдің халықаралық беделінің өсуі үшін берік негіз болды. Біздің Елбасымыз ең жаңа тарих жолын анықтайтын әлем көшбасшыларының шеңберіне кірді және бүгін оны әділетті түрде ұлт Көшбасшысы – Елбасы деп атайды.
«Елі еріне, ері еліне» сенген еліміз бен Елбасымыздың мәртебесі әлем елдері алдында мәңгілік биіктей берсін!
Мемлекеттілік тарихымыздың мерейлі мерекесі — Тұңғыш Президент күні құтты болсын!
Баршаңызға мерекелік көңіл — күй, жанұялық бақыт, игілік, табыс тілейміз!
Осы айрықша мәнді күні елдің игілігі үшін барлықтарыңызға зор денсаулық, мол бақыт, береке бола берсін!

Аудан әкімі Е.Садырқұлов.
Мәслихат хатшысы Т.Жаманбаев.