Мерекелік құттықтау

90 Views

Құрметті, жерлестер, ардақты ағайын!
Сіздерді Республиканың әр азаматы үшін айтулы мереке – Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз!
Еліміздің жалынды жастары бас­тарын бәйгеге тігіп, бодандық құрсауынан шығуға ұмтылған қыр­шын ерліктері бүгінгі Тәуелсіз елі­міздің жарқын істерімен жалғасын табуда. Егемен еліміз 16 желтоқсанда салтанатты жағдайда Ұлттық мереке – Тәуелсіздік күнін атап өтеді.Қазақстан мемлекеті өтпелі кезеңнің барлық қиындықтарын жеңіп, әлемдік сахнаға көтерілді. Ұлттық қасиетіміз бен Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, Ұлттық намысымызды оятқан, әлемге қазақты азаттық сүйгіш, рухы биік, намысы берік халық ретінде жариялаған Тәуелсіздік күні құтты болсын, ағайын!
Қазақстан бүгінде, қыдыр дарып, бақ қонған, ырыс жайлаған елге айналды! Аз ғана уақыт ішінде егемен еліміз әлеуметтік-экономикалық дамудың жарқын жолынан өтіп, халықтың тұрмыс деңгейі артты, тұрақтылық пен өркендеудің жолы айқындалды. Ең бастысы, көп ұлтты халқымыздың татулығы мен ынтымағының арқасында тұрақты қоғамдық-саяси ахуал қалып­тасты.
Қазақ елінің алдағы жарқын бола­шағын айқындап берген «Қазақ­стан-2050» стратегиялық құжаты — біздің ке­лешек дамуымыздың бағдаршамы. Онда «Мәңгілік Ел» болу мұраты бел­гіленіп, ХХІ ғасыр Қазақстанның «ал­тын ғасыры» болып түйінделді. Қазақ елі — әлемнің алдыңғы қатарлы 50 елінің легіне қосылды. Ал, біздің алдымызда — озық 30 мемлекеттің бірі болу биік міндет, айқын мақсат тұр.
Халқымыздың ғасырлар бойы аңсаған Тәуелсіздігіне ие болғанымызға биыл 28 жыл толды. Бұл күн – ата-бабамыз аңсаған арманның жүзеге асқан, елімізге еркіндік сыйлаған Ұлы күн.
Тәуелсіз мемлекетімізде осы жылдар ішінде ауданда да ауқымды істер мен көп тірліктер атқарылды. Ауданның әлеуеті артып, ауылшаруашылығы мен кәсіпкерлік жанданды. Халықтың әл-ауқаты жақсарып, жаңа білім, денсаулық, спорт және әлеуметтік құрылыс нысандары салынып, ашылды. Ауданның әрбір азаматы — бүгінгі ел өміріндегі осындай бағасы биік айтулы мерекені лайықты қарсы алу жолында аянбай еңбек етті. Өйткені, күш-қайратын еселі еңбекке жұмылдырған, татулығы мен бірлігі терең тамыр жайған қасиетті еліміз қашан да өзгелерге үлгі боларлық межелі биіктерден көрініп келеді.
Әр ұлт, әр халық үшін тәуелсіздіктен артық қасиетті де қымбат ештеңе жоқ. Еліміз алып, құқықтық, дербес демократиялық мемлекет ретінде әлемге танылды. Тұңғыш Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясында «Біздің бір ғана Отанымыз бар, ол — Тәуелсіз Қазақстан!» деп ерекше тоқталған. Олай болса, ынтымағы мен достығы жарасқан Тәуелсіз Қазақ елінің бағын асырып, мерейін тасытатын ұлы істеріңізге сәттілік тілейміз! Рухы биік, намысы берік бабаларымыздың ғасырлар бойғы асыл мұраты – азаттықты аялау, тағдыры ортақ тұтас халқымыздың татулығын сақтау — басты мұратымыз. Сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні — Ұлттық мерекесімен шын жүректен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбастарыңызға амандық, шаңырақтарыңызға шаттық тілейміз! Тәуелсіздігіміз тұғырлы, бірлігіміз баянды, еліміз еңселі болсын, ардақты ағайын!
Барша бастамалар мен игі істер жемісті болып, туған Жеріміз, Еліміз – Қазақстан гүлденіп, көркейе берсін! Әр отбасына татулық пен ырыс-береке, Отанымыздың игілігі мен жарқын бола­шағы жолында жетістіктер тілеймін. Еліміздің Көкбайрағы бейбіт аспан астында желбіреп, әлемге таныла берсін! Ата-бабамыз ғасырлар бойы армандап өткен тәуелсіз ел болу мәртебесін көру – бүгінгі ұрпаққа бұйырған зор бақыт. Осы қуанышымыз құтты, бақытымыз баянды болсын. Жаңа ғасырда қайта түлеген, жасарып, түрленген еліміздің тәуелсіздігі берік, абыройы асқақ болсын!

             Е.Садырқұлов,                                                                                                         Т.Жаманбаев,
               аудан әкімі                                                                                                         мәслихат хатшысы