Ораза айт мүбәрәк болсын

17 Views

Баршаңызды мұсылмандардың қа­сиетті Ораза айт мерекесімен құттық­таймын! Рамазан — адамзат баласын рухани тазару арқылы мейірімділік пен сабырлылыққа жетелейтін ұлық та қасиетті айлардың бірі. Ораза айтта мұсылмандар бір-біріне айттап, жылы лебіздері мен ізгі тілектерін білдіреді. Мұқтаж жандарға қол ұшын созып, қуанышқа кенелту де — қасиетті ме­ре­кенің жарқын көріністерінің бірі. Ораза айт — бір шаңырақтың астында ауызбіршілік пен келісімде өмір сүріп жатқан барша қазақстандықтарды бірік­тіре түсетін ынтымақ мейрамы. Ораза айт мерекесіндегі игі істер исламның қайырымдылық пен мейірімділіктің, өзара көмек пен жанашырлықтың діні екенін айшықтай түседі. Қасиетті мейрам күндері әрбір шаңыраққа шаттық пен денсаулық, игілік пен бақ-береке тілеймін.
Елді жайлаған індет те кетер, оған әрине сабырлық етейік. Мешіттерде айт намазы оқылмайды. Қадірлі ағайын, ораза айт мерекесіне аман-есен жеткізген Алла Тағалаға сансыз шүкірлер мен мадақтар болсын. Сіздерді мұсылман қауымының ұлық, қастерлі мерекесі — Ораза айт мейрамының басталуымен құттықтаймын. Айт мүбәрак болсын, ағайын! Қасиетті Рамазан айының аяқ­талғанын білдіретін Ораза айт — мейірімділіктің, игіліктің, бірліктің, ізет­тіліктің, қайырымдылықтың ме­ре­кесі. Бұл мейрам барша халықты ізгілікке ұйытады. Еліміздің мұсылман қауымы қасиетті Рамазанда ауыз бекітіп, шарапаты мол айда жасалған ізгі іс-шараларымызға атсалысты. Тұр­мыс жағдайы төмен отбасыларына көмек көрсетілді. Сауабы теңдессіз осынау жақсы істерге үлес қосқан ағайындарға өзімнің және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы атынан «Алла разы болсын» деймін», — делінді Бас мүфтидің құттықтауында.
Ораза айт — отбасылық мереке. Мейрам күні ата-анамызға, балаларға сый­лық үлестіріп, айрықша көңіл бөлу де — сауапты іс. Қадірлі қауым! Ораза айт мерекесі құтты болсын! Алла Тағала ұстаған оразамызды, дұға-тілек­терімізді, қасиетті айда жасаған әрбір қайырлы амалдарымызды, берген зекет пен пітір садақаларымызды қабыл етіп, мол сауаптан жазғай! Әрбір отбасына амандық, жақсылық, дендеріңізге сау­лық, жұмыстарыңызға береке тілеймін! Раббымыз баршамызды рамазаннан рамазанға дейін аман-есен жеткізе берсін! Еліміз аман жұртымыз тыныш, Тәуелсіздігіміз баянды болғай! Әумин!

Сұлтаншәріп қажы Жақыпбекұлы,
ауданның бас имамы.

Добавить комментарий