АУЫЛДАСТАРЫНА КӨМЕК БЕРДІ

19 Views

Сәуір айының соңына қарай бастау алған қасиетті Рамазан айы да аяқталуға жақын. Бірер күннен кейін ауыз бекітіп, Жаратқанға тәубе еткен жандар парыздарынан құтылады. Сондай-ақ, Қасиетті Рамазан айында зекет, садақа беру де ізгі амалдардың бірі болып табылады. Осыны ескерген кейбір жомарт жандар ауқымды әрі игі бастамалар көтеріп, оларды іске асыруда. Сондай жандардың бірі — Роза Құрашева.
Қасиетті Қадір түнінің қарсаңында жерлесіміз, кәсіпкер ана Роза Құрашева «Жылы жүрек-жомарт қол» қайырымдылық іс -шарасына ұйытқы болып, Көкдөнен және Жақсылық ауылының көмекке мұқтаж, мүмкіндігі шектеулі жандарына қолұшын берді. Жалпы алғанда көмекке мұқтаж 21 отбасының әрқайсысына 100 000 теңгеден үлестіріп, барлығы 2 миллион 100 000 теңге қаражатын қайырымдылыққа жұмсады. Осылайша отбасылық парыз зекетін беріп, ауылдастарына қайырымдылық көмек көрсетіп, олардың ақ батасын алды.
Туған жерге тағзым ету, кіндік қаны тамған жерді қастерлеу ата-бабамыздан мирас болып, ежелден жалғасып келе жатқан ата дәстүр. Аталмыш салтты жыл сайын өткізіп, дәстүрлі шараға айналдырған Роза апамыздай жомарт жандардың қатары ұлғайса екен деген ниеттеміз.

«Құлан таңы» ақпарат.

Добавить комментарий