Мәдениетіміздің алтын діңгегі

21 Views

Аудан халқының мәдени, рухани талап-тілегін қанағаттандыру жолында аудан бойынша 1 аудандық мәдениет үйі, 1 кинотеатр, 1 жылжымалы автоклуб, 5 халықтық атағы бар өнер ұжымы, 7 ауылдық мәдениет үйі, 13 ауылдық клуб және 31 кітапхана халыққа мә­де­ни қызмет көрсетеді. Бүгінгі таңда ау­дандық мәдениет үйі жанында 50 үйір­ме, 10 әуесқой клуб, («Балалар», «Жас жеткіншек», «Ақ әже», «Ақ бо­саға», «Демалыс», «Мұрагер», «То­ғыз­­құмалақ», «Теннис», «Футбол», «Қол­­өнер» сынды әуесқой клубтары) 5 халық­тық атағы бар ұжымдар («Сұлутөр» халықтық фольклорлық ән-би ансамблі, «Сударушка» халықтық фольклорлық ансамблі, «Әдемі-ау» халықтық ән-би ансамблі, Басқар Битанов атындағы халықтық театр, Вокалды халықтық инструментальды ансамблінің ұжымдары), сондай-ақ, қазақ, орыс, өзбек, қарашай этно-мәдени бірлестіктері аудан халқына қызмет көрсетеді.
Мәдениет ошақтарында тұрғын­дардың сұранысы бойынша ақылы қызметтің деңгейін көтеру мақсатында көптеген жұмыстар атқарылуда. 2020 жылдың 3 айында 210 мәдени іс-шара өткізіліп, көрермен саны 19 308-ге жетіп, 54,7 мың теңгенің ақылы қызметі көрсетілді.
Өткізілген мәдени көпшілік іс-шара­ларға келер болсақ, аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты барлық мәдениет ошақтарында 2020 жылдың 3 айында төмендегідей көпшілік іс-шаралар өткізілді.
Атап айтсақ, «Жамбыл — менің жай атым, халық — менің шын атым» атты ақындар айтысы, «Бір­тұ­тас ұлт болу» атты өзге ұлт өкіл­дері­мен кездесу, жергілікті ақын, саз­гер Назипа Құлбаеваның шығар­машы­лығын насихаттау мақсатында ұйым­дастырылған «Әнім елге жетсе екен!» атты еске алу кеші, Абай Құ­нан­байұлының 175 жылдығына орай «Абай шығармаларынан» атты әдеби кеш, «Жаңарған Жамбылым!» атты эстрадалық әншілер конкурсы, «Ағалардың ерлігі — ұрпаққа өнеге» деген тақырыпта Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу кеші, Көкдөнен және Луговой ауылдық мәдениет үйлерінде аудандық мәдениет үйі көркемөнерпаздарының қатысуымен «Ән жұлдызы Шәмші аға» атты әдеби сазды шара ұйым­дастырылды. Сонымен қатар, Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Абай — ұлы тұлға», Мұқағали Мақа­таевтың туған күніне орай «Сағынады Мұ­қаңды сазды жүрек» және «Жыр­лайды жүрек» атты оқырманға ой салар поэзиялық кештер болып өт­ті. Бұдан өзге Құмарық ауылында Қазақ­стан Республикасының «Дарын» мемле­кеттік жастар сыйлығының иегері, Мәде­ниет қайраткері, әнші Досымжан Таңа­таровтың қатысуымен өткен кездесу де жоғары деңгейде ұйымдастырылған іс-шараның бірі болды. Сонымен қа­тар, халықаралық ана тілі мерекесіне орай «Ана тілім – айбыным!» деген тақы­рыптағы мерекелік кеш аудан аумағындағы барлық мәдени ошақтарда кеңінен аталып өтті. Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылған күніне орай барлық ауылдық клубтарда «Ауғанның отты жылдары» атты Ауған соғысы арда­­герлерімен болған кездесулер маз­мұнды өтті.
Қарақыстақ ауылдық кітапханасында Кеңес әскерінің Ауған жерінен шыға­рыл­ғанына 31 жыл толуына орай «Ауған­дағы азап шеккен арыстар» атты дөңгелек үстел, Луговой ауылдық мәде­ниет үйінде кітапханашылардың ұйым­дастыруымен «Ауғанның отты жылдары» атты Ауған соғысы арда­герлерімен кездесу кеші, Қайыңды ауыл­дық кітапханасы мен Р.Смаилов атын­дағы орта мектеп ұжымының ұйым­дастыруымен Қазақстан Республикасы Ассамблеясының 25 жылдығына орай «Ынтымағы жарасқан Қазақстан» атты достық фестивалі өткізілді.
Биыл ел аумағында Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығы ұлттық деңгейде аталып өтілетіндігі белгілі. Бұл ретте аудандық орталық кітапхана мен Құлан ауылдық балалар кітапханасы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Ұлы даланың ұлы есімдері» атты әдеби панорама өткізілді.

Рүстем Қырықбаев,
аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының
міндетін атқарушы.

Добавить комментарий